Алматы. 18 қаңтар. 7kun.kz - OLX сайтының сарапшылары 2016 жылы қазақстандықтар арасында сұранысқа ие болған ұялы телефондарды анықтады.
Жаңа телефондар бойынша ондық төмендегідей: Сайтта сұранысқа ие болған телефондар арасында көш бастап тұрған – Samsung бренді. Оның үлесіне порталдағы келісімдердің оннан төрті тиесілі. Одан кейін тұрған Apple компаниясының телефондары. Ол келісімдердің төрттен бірін құраған. Ал үшінші орында аса қымбат емес қытай брендтері тұр.
Сондай-ақ бестікті мобильді индустрияның ірі бренді Nokia аяқтады. Компания жақында ғана смартфон нарығына қайтып келгенін хабарлаған болатын. OLX-та жасалған келісімдерде Nokia-ның үлесі 3,5%. Одан кейін аздаған айырмашылықпен қытайдың Lenovo гаджеті тұр.
Алғашқы бестік жасалған келісімдердің 90%-ын құрады.
Бұлардың ізін тайваньнің HTC бренді жалғайды, одан соң жаңа қытай бренді Meizu және Huawei тұр. Ондықты аяқтайтын жапонияның Sony маркасы және компютерлік техникасымен танымал ASUS компаниясы.
OLX-та ең көп сатылатын 20 ұялы телефон:
- Samsung
- Apple
- Другая марка
- LG
- Nokia
- Lenovo
- HTC
- Meizu
- Huawei
- Sony
- ASUS
- Fly
- Vertu
- BlackBerry
- Alcatel-Lucent
- Xiaomi
- HP
- Motorolla
- Mio
Қолданыста болған телефондар арасындағы ең танымал 20 телефон:
- Samsung
- Apple
- LG
- Nokia
- Другая марка
- HTC
- Lenovo
- Sony
- Huawei
- Meizu
- ASUS
- Fly
- BlackBerry
- Alcatel-Lucent
- Sony Ericsson
- Motorola
- Vertu
- HP
- I-mate
- Panasonic