Қазақстандықтар Индонезияға визасыз бара алады

Қазақстандықтар 2015 жылдың қазан айынан бастап Индонезияға визасыз бара алады. Бұл жөнінде Forbes.kz хабарлады.

Индонезия президенті Джоко Видодоның №69/2015 жарлығына сәйкес, 45 елден келген туристер 30 күн мерзімге Индонезияға визасыз кіре алады. Аталған елдердің ішінде Қазақстан да бар.

Индонезияға барамын деушілерге 2015 жылдың 1 қазанынан бастап есік ашық.

Етеріңізге сала кетсек, ҚР Сыртқы істер министрлігі 2015 жылдың мамыр айында Қазақстандықтар визасыз бара алатын елдердің тізімін жария еткен еді. Енді осы тізімде Индонезия да бар.