Алматы. 14 қараша. 7kun.kz — 2017 жылдың қаңтар-қазанында бөлшек сауда айналымы 7 триллион теңгені құрады. Бұл 2016 жылғы тиісті кезең деңгейінен 6,3 пайызға көп деп хабарлайды LS.
Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі азық-түлік тауарларының үлесі 36,8 пайыз (2,6 триллион теңгеден сәл артық), азық-түлік емес тауарлар 63,2 пайыз (4,4 триллион теңгеден сәл артық) құрады.
Азық-түлік тауарларын сату 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 8,6 пайызға, азық-түлік емес тауарлар 4,8 пайызға өсті.
Ірі сауда кәсіпорындарында 3,9 трлн теңгеден (55,5 пайыз), үй маңындағы дүкендер мен қалалық нарықта 3,1 трлн теңге (44,5 пайыз) көрсетті.
Көтерме сауда жыл басынан бері 15,3 трлн теңгені құрады. Бұл 2016 жылғы осы кезеңгі деңгейінен 1,7 пайызға артық.
Қыркүйек айында азық-түлік бағасы 0,5 пайызға арзандады.
Диана Құрманбекова
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





