Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар 2017 жылы азық-түлікке 2 трлн астам теңге жұмсады

Қазақстандықтар 2017 жылы азық-түлікке 2 трлн астам теңге жұмсады

Алматы. 14 қараша. 7kun.kz — 2017 жылдың қаңтар-қазанында бөлшек сауда айналымы 7 триллион теңгені құрады. Бұл 2016 жылғы тиісті кезең деңгейінен 6,3 пайызға көп деп хабарлайды LS.

Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі азық-түлік тауарларының үлесі 36,8 пайыз (2,6 триллион теңгеден сәл артық), азық-түлік емес тауарлар 63,2 пайыз (4,4 триллион теңгеден сәл артық) құрады.

Азық-түлік тауарларын сату 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 8,6 пайызға, азық-түлік емес тауарлар 4,8 пайызға өсті.

Ірі сауда кәсіпорындарында 3,9 трлн теңгеден (55,5 пайыз), үй маңындағы дүкендер мен қалалық нарықта 3,1 трлн теңге (44,5 пайыз) көрсетті.

Көтерме сауда жыл басынан бері 15,3 трлн теңгені құрады. Бұл 2016 жылғы осы кезеңгі деңгейінен 1,7 пайызға артық.

Қыркүйек айында азық-түлік бағасы 0,5 пайызға арзандады.

Диана Құрманбекова

Похожие материалы