Алматы. 22 маусым. 7kun.kz - Қазақстан экспортының бағасы 2017 жылдың қаңтар-сәуір аралығында 20 пайызға қымбаттады. Бұл туралы Finprom сараптама агенттігі хабарлады.
ТМД елдеріндегі Қазақстан тауарлары 0,8 пайызға өссе, басқа мемлекеттер үшін 25 пайызға қымбаттаған. Ал ҚР шикізат бағасы - 28%, дайын тауарлар бағасы - 2,4% өскен. Өткен жылдың алғашқы төрт айында шикізат бағасы 28 пайызға, ал дайын тауар бағасы 9,8 пайызға арзандаған еді.
Есеріңізге сала кетсек, 2013 жылдан бері экспорт бағасы бірті-бірте төмендеген еді. Алғашқы 2013-2016 жылдардың 4 айында жылма-жыл экспорттық тауарлардың бағасы 10,7 пайызға түсіп отырған. Биыл бұл тренд кері бағытта өзгерді.
Модернизации 3.0 бағдарламасының аясында ел үкіметі 2025 жылға дейін шикізат емес тауарлардың бағасын екі есеге ұлғайтуы керек. Бұл тапсырманы орындау үшін экспорттаушыларға "бір терезе" принцпі бойынша қолдау көрсетілмек.
Сонымен бірге, Үкімет жанынан Экспорт саясатын жүргізетін кеңес құру тапсырылған. Оған бизнес-қауымдастықтың өкілдері кіруі керек.
Қыркүйектің 1-не дейін үкімет жергілікті әкімдер және бизнесмендермендермен бірігіп бірыңғай экспорт стратегиясын жасап шығару жоспарланған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024