Қазақстанның ЕАЭО елдерімен саудасы 7,4 пайызға артты

93
Фото: Sputnik.tj

Алматы. 15 шілде. 7kun.kz — Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара саудасы 7,4 пайызға артты, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметінше, 2018 жылғы қаңтар-мамырдағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 7311,7 млн АҚШ долларын құрап, 2017 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 7,4 пайызға артты.

Соның ішінде экспорт — 2316,1 млн АҚШ долларын (10,1%-ға өсті), импорт — 4995,6 млн АҚШ долларын (6,2%-ға өсті) құрады. Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына — 92,1%, Қырғызстан Республикасына — 4,2%, Беларусь Республикасына — 3,6%, Армения Республикасына — 0,1% келеді.