Қазақстанның сыртқы борышы 166,6 млрд долларды құрады

сыртқы борышы
Фото: originalbusiness.ru

Алматы. 26 шілде. 7kun.kz – Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы 4 мемлекет сыртқы қарыздарын арттырды. Ең төменгі өсім Қазақстанда болды, деп хабарлайды LS.

Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметтері бойынша, 2018 жылдың 1 сәуіріне дейін Қазақстанның сыртқы борышы 166,6 млрд долларды құрады, бұл 2017 жылғы 1 сәуірге қарағанда 0,7%-ға артық.

Қырғызстанда бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 0,9% -ға артып 8 млрд  долларға, Белоруссияда 7,4%-ға артып 39,7 млрд долларға, Арменияда 9,3% -ға артып  10,7 млрд долларға жетті.

Ресей өз кезегінде ЕЭО-дағы сыртқы борышын бір жыл ішінде 0,3% -ға 520 млрд долларға дейін қысқартқан жалғыз ел болды.

Одақтың жалпы сыртқы борышы 2018 жылдың 1 сәуіріне дейін 744,9 млрд долларға жетті. Өсім 0,4%-ды құрады.