Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 36,1% -ға азайды

Осы жылдың І жартыжылдығындағы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 36,1 пайызға төмендеді. Бұл туралы ұлттық экономика министрлігіндегі статистика комитеті хабарлайды.

Осы арқылы, сыртқы сауда айналымы 39,5 млрд долларды құрады. Экспорт көлемі 2014 жылдың І жартыжылдығымен салыстырғанда 43,4 пайызға төмендеп, 24 млрд долларға жетті. Ал импорт көлемі 15,4 млрд болды. Бұл өткен жылдағы көрсеткішке қарағанда 19,8 пайызға аз. 2015 жылдың қаңтар-шілдесіндегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3,3 трлн теңгені құрады, өткен жылмен салыстырғанда 4 пайызға артық. Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 0,2 пайызға көбейіп, 7,9 трлн теңгеге жетті. Өнімнің жалпы шығарылымы және ауыл шаруашылығындағы қызмет көлемі 804, 4 млрд теңге шамасында.

Комитеттің мәліметінше, 2015 жылдың 1 тамызынан бастап Қазақстанда 354 мың заңды тұлға тіркелген, олардың ішінде 217 мыңы әрекет етпейді. Жалпы жұмыссыздар саны 445 мың адамды құрайды. Жұмыссыздық деңгейі — 4,9%.