Қазақстанның қысқа уақыт ішінде ілгерінді дамығаны қуантады – Қытайлық инвестор

68
Қытайлық
Фото: primeminister.kz

Алматы. 7 желтоқсан. 7kun.kz – Қытайлық инвестор, Cathay Industrial Biotech компаниясының президенті Лю Шикай Kazakhstan Global Investment Roundtable инвестициялық форумының алаңында биохимиялық кластер құру және түрленген талшықтардың толық көлемді өндірісін ұйымдастыру жобаларын іске асыру туралы айтып берді деп хабарлайды Primeminister.kz сайты. 

Cathay Industrial Biotech кәсіпорны тағамдық емес бидай мен жүгеріден жасыл нейлон өндірудің бірегей технологиясын әзірледі. Қазақстан ұзақ уақыт бойы Қытай зауытына сақтау мерзімі жоғары, желімше көрсеткіші төмен тағамдық емес бидай жеткізушісі болды. Қазіргі таңда Қазақстан аумағында екінші зауытты салу мәселесі пысықталып жатыр.

«Біз Қазақстан осы жоба үшін барлық жағдайды жасағанына сенеміз. Біз аса жетілдірілген материал шығаратын ең озық технологияларымызды әкелдік. Бұл Қазақстанның жергілікті индустриясына үлкен пайда әкеледі, жұмыс орындарын ашуға жол ашады, сондай-ақ, бүкіл әлемге ең жақсы шикізатты ұсынады», — деді қытайлық инвесторы.

Сонымен қатар Лю Шикай бірлесіп жұмыс істеген кезеңдегі Қазақстанның даму қарқыны жайлы айтып өтті.

«Мен Қазақстанға, соның ішінде Алматы мен Астана қалаларына бірнеше мәрте бардым. Жергілікті қоршаған ортамен таныспын, соңғы жылдары орын алған өзгерістеріне таңдана қараймын. Әсіресе Үкімет жұмысты жақсы ұйымдастырады, барлық ресурстар мен шикізатты инфрақұрылым құруға бағыттап, Елордасы Астананы салу құрылысының жобасын жүйелі түрде жүргізе алған Қазақстан Үкіметінің ұжымдық жұмысы ұнайды. Мемлекеттің қысқа уақыт ішінде ілгерінді дамығаны қуантады», — деді Лю Шикай.

Соңғы 10 жылда шетелдік инвестициялар түсімі 250 млрд долларға жеткен.