Қазақ тіліндегі «Моана» анимациялық фильмі жарыққа шықты

836

Алматы. 1 желтоқсан. 7kun.kz — Осы жылы қазақ тіліне дубляждалған үшінші анимациялық фильм «Моана» прокатқа шығарылды. Ал бір күн бұрын Алматы, Астана және Шымкент қалаларында алдын-ала көрсетілімі өтті.

Диснейдің жаңа ханшайымы Моананың басынан кешкен қызықтарын баяндайтын фильмнің қазақ тіліндегі дубляж режиссері — Рита Әбішева, ал жобаның музыкалық басқарушысы — Күнімгүл Борамбаева. «Моана» жобасының ерекшелігі — 11 жеке әннің жазылуы.

Басты кейіпкер Моананың даусын сомадаған — «Алиса айнаның арғы бетінде» кинокартинасының дубляжында Алиса ролін сомдаған Назерке Серікболова.

Дубляжға отыз бестен астам актер қатысты. Басты кейіпкерлерге өз дауыстарын Лидия Кәден (Моананың әжесі — Тала), Мақпал Исабекова (Моананың анасы — Сина), әнші Бүркіт (жартылай құдай — Мауи), Жәнібек Мұсаев (Туи көсем), Сырым Қашқабаев (Таматоа) сыйлады, сонымен қатар басқа актерлер мен қазақстандық эстраданың орындаушылары қатысты.

img_9166