«Азия Авто» жаңартылған Chevrolet Aveo өндіруді бастады

жаңартылған Chevrolet Aveo
Фото: kursiv.kz

Алматы. 17 қазан. 7kun.kz — «Asia Auto» автокөлік құрастыру зауыты (ШҚО) жаңартылған Chevrolet Aveo-ны шығаруды бастады деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Компанияның мәліметінше, сатып алушыларға үш толық жиынтық ұсынылады.
Қазақстан нарығында жаңа Aveo қуаты 115 а.к. тең және 1,6 литрлік бензин қозғалтқышымен жабдықталған.

Chevrolet Aveo-ның алдыңғы нұсқасынан басты айырмашылығы негізгі жинағында Chevrolet MyLink технологиясы пайда болады.

Chevrolet Aveo қазақстандықтарға алғаш рет 2010 жылы  қол жетімді болды. Компания Lada; Skoda — Octavia, Fabia, Yeti, Rapid, Superb; Chevrolet — Captiva, Aveo, Cruze, Orlando, Malibu, Tracker; KIA — Mohave, Sorento, Cerato, Soul, Sportage, Optima, Cadenza, Picanto, Cee’d , Quoris, Carens, Rio НВ автокөліктерін құрастырумен айналысады.