Қазком банкроттық туралы сыбысқа жауап берді

1638
сыбысқа
Фото:ic24.kz

Алматы. 3 қараша. 7kun.kz — Әлеуметтік желіде және WhatsApp месенджері арқылы тараған Қазкомның банкроттығы туралы сыбысқа банк өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жауап берді.

Банк жазбасында бұл сөздердің шындыққа жанаспайтынын, белгісіз біреулердің арандатушылығына ермеуге кеңес береді.


Банктің жазбасында Қазкомның банкроттығына ешқандай негіз жоқ екендігі айтылған.

«2017 жылдың шілдесінде Қазком Халық банкінің еншілес банкіне айналды. Соның арқасында Halyk қаржы тобы ТМД аумағындағы ең ірі үш қаржы құрылымынының қатарына кірді. Halyk-тің қаржылай қолдауымен Қазком жеке қаржы институты ретінде жұмыс атқара алады. Соныме қатар, Ұлттық банктің капитал жеткіліктілігі және өтімділігі туралы талаптарына сай келеді. Өнімдеріміздің шарттарының барлығы баяғы қалпында. Банк клинттер алындағы барша міндетін толық атқарып жатыр»,-делінген банктің ресми парақшасында.

Бұған дейін Қазкомдағы проблемалы кредит деңгейі 40 пайызға өскендігі туралы ақпарат шыққан еді.