Редакция: +7 (777) 242 5522
Follow Us:

Қазком тұтынушылық несиелер мөлшерлемесін азайтты

Қазком тұтынушылық несиелер мөлшерлемесін азайтты

Қазкоммерцбанк тұтынушылық несиелер мөлшерлемесін 5-6%-ға төмендетті. Бұл жөнінде бейсенбі күні, 18 маусымда Қазкоммерцбанктің баспасөз-қызметі хабарлады. 

Ең минимал сыйақы мөлшерлемесі 17 пайыздан 12 пайызға азайтылды. Ал, максимал мөлшерлеме 23 пайыздан - 17 пайызға. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) ҚР Ұлттық банкінің әдісімен есептегенде айтарлықтай төмендеген. Сыйақы мөлшерлемелері былайша белгіленді: Аталмаған Жаңа шарттар стандарт жылдам несиелер мен екінші дәрежелі өзге банктердегі қарыздарды өтеуге қайта қаржыландыратын несиелерге қолданылады. Несиені рәсімдеу мен қызмет көрсету комиссиясының көлемі сол күйінде. БТА банктің барлық тұтынушылары несие алуға Қазком мен БТА-ның кез келген бөлімшелерінен ұқсас шарттарда ала алады. Жылдам несие шарттары толық өтелгенге дейін өзгеріссіз қалады.    

Похожие материалы