Алматы. 30 шілде. 7kun.kz – «Қазақстан Халық Банкі» (бұдан әрі – Халық Банкі) және «Қазкоммерцбанк» АҚ (бұдан әрі – Қазкоммерцбанк) Өткізу актісіне қол қойды, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Аталған Өткізу актісі Қазкоммерцбанкті Халық банкіне біріктіру нысанында Халық Банкін және Қазкоммерцбанкті ерікті түрде қайта ұйымдастыру шеңберінде Халық банкіне Қазкоммерцбанктің мүлкін, барлық құқықтары мен міндеттемелерін беру дерегінің заңды ресімделуі болып табылады.
«Біз келіссөздерден бастап, Қазкоммерцбанк акцияларын сатып алудан бұрын болған due diligence рәсімі (кешенді қаржылық тексеру), мәміленің жасалауы және екі банктің кейінен интеграциясы мен бірігуіне дейін бір жарым жылға созылған үлкен үрдісті аяқтадық. Халық Банкі мен Қазкоммерцбанктің біріңғай технологиялық платформаға өтуі бойынша барлық іс-шаралар кестеге толықтай сәйкестікте аяқталды. Халық банкінің және де Қазақстанның жалпы қаржы секторының тарихында жаңа кезең басталуда. Миллиондаған клиенттер Халық Банкіне сенім білдірді, олардың сенімдерін ақтау үшін біз бар күшімізді саламыз», — деп біріктіру қорытындыларына Халық Банкінің Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова түсінік берді.
Акционерлердің шешімдеріне сәйкес Қазкоммерцбанктің жай акцияларының орнына Халық банкінің 758 687 723 жай акциялары Казкоммерцбанк акционерлерінің (Халық Банкін қоспағанда) арасында орналастырылды.
Осылайша, Қазкоммерцбанктің Халық Банкіне барлық мүлігін, барлық құқықтары мен міндеттемелерін беру үрдісі аяқталды. Одан бұрын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алдын ала рұқсаты алынды.
Сондай-ақ, Халық Банкі және Қазкоммерцбанк барлық қажетті технологиялық жұмыстарды аяқтап, нәтижесінде Казкоммерцбанктің және Халық Банктің клиенттері енді Халық Банкінің барлық филиалдары мен бөлімшелерінде қызмет ала алады. Қазкоммерцбанктің еншілес ұйымдары Халық Банктің еншілес ұйымдары болады.