«ҚазМұнайГаз» электронды талон жүйесін енгізбек

 

Алматы. 7 сәуір. 7kun.kz – 2017 жылдың 5 сәуірінен бастап  Астанада «ҚазМҰнайГаз» электронды талонмен жұмыс істеуді тесттен өткізіп жатыр. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Электронды талон жүйесі  әрбір сатып алушыға бірегей коды бар талон алуға мүмкіндік береді. Оның иесі «ҚазМұнайГаз» авто жанармай  құю стансасынан электронды талонда көрсетілген көлемге сәйкес жанармай сатып ала алады. Алдағы уақытта ұялы телефонға арналған қосымша шығару жоспарда бар.

Қолданушы www.azskmg.kz  сайтындағы жеке кабинеті арқылы төлем жасай алады. Жеке кабинетте талон жұмысын қосу немесе өшіру, жанармай көлемін өзгерту және жарамдылық мерзімін  орнату сияқты қызметтер бар. Сонымен қатар қайда, қашан және қандай бағада жанармай өнімін пайдалағаныңды көре аласың.

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» мұнай өнімдерін сату Департаментінің директоры Юлия Жернакованың  айтуынша, бұл — мемлекеттік және жеке меншік компанияларға тиімді құралдардың бірі.

Еске сала кетсек, 2016 жылы «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС қағаз купондармен жұмыс  істеуден бас тарқан.

Электронды талон – мұнай өнімінің (жағармай, дизельді отын) түрі және көлемінің коды шифрланған  сандық құжат.