ҚазМұнайГаз мұнай өнімдеріне байланыссыз төлем жасау технологиясын енгізді

Алматы. 25 шілде. 7kun.kz – «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС желісінің клиенттері автомобильден шықпай жанармайға төлем жасай алады.  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның жаңа цифрлық шынайылығына бейімдеу саласындағы тапсырмасын іске асыру аясында «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС «Цифрлық ЖМҚС» жобасын іске қосты. 

Қазақстанда алғаш рет «ҚазМұнайГаз» жанар-жағар май құю станцияларында мұнай өнімдерін босату кассирдің қатысуынсыз жүргізіледі – автоәуесқой тек қана мобильді қосымша орнатып, оған банктік картаны бекітсе жеткілікті.

ЖМҚС-ға келгенде, мобильді интернет сенімді қамтылған аймақта, мобильді қосымшада смартфондағы геопозиция көмегімен клиент автоматты түрде өзінің тұрған жерін анықтайды. Тек отын-тарату бағанының нөмірі, отын түрі және литрмен қажетті көлемі немесе ақшалай түріндегі сомасын теру ғана қалады. Бұдан кейін жүйе автоматты түрде ОТБ қосады және автомобиль жанармайдың тапсырыс берілген көлемі құйылатын болады. Құюды жүзеге асырғаннан кейін жүйе фискалды деректерімен электрондық чекті жолдайды. Автокөлік иелері үшін басты артықшылық — ол кез-келген басқа қаладан жанармайға қашықтан төлем жасау мүмкіндігінің болуы.

Сондай-ақ мобильді қосымшада толық бак құю түрі мұқият пысықталған және көлем кем құйылған жағдайда клиенттің картасына соманы қайтаруға кепілдік берілген.

Қосымшаны App Store және Google Play жүктеп алуға болады.