«ҚазМұнайГаз» өткен жылы 360 млрд теңге таза табыс тапты

400
инвесторы
Фото: regnum.ru

Атырау. 24 сәуір. 7kun.kz — 2016 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) компанияларының таза табысы 360 млрд  171 млн теңгені (1 млрд. 63 млн. доллар) құрады. Бұл туралы ҚМГ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

«2016 жылы негізгі қызметтен түскен кіріс 3 трлн 553 млрд теңгені (10,54 млрд. АҚШ доллары) құрады. Таза табыс — 360 млрд 171 млн теңге (1 млрд 63 млн АҚШ доллары). ҚР бюджетіне салықтар мен өзге де міндетті төлемдер, соның ішінде негізгі еншілес ұйымдар бойынша, 456 млрд 987 млн теңгені (1 млрд 337 млн АҚШ доллары) құрады.

Бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға аз. Төмендеу үрдісінің негізгі себебі 2015 жылы теңгенің девальвациясынан кейін валюта бағамының айырмасынан алынған оң кірістің болуы. Онымен қоса, бюджетке төлемдердің төмендеуі мұнайдың орташа бағасының 17 пайызға арзандауы әсер етті», — деп хабарлады ҚМГ-нің баспасөз қызметі.