БҚО-да 256 отбасыға 51,1 млн теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетілді

БҚО
Фото: Қазақпарат
Алматы. 27 қараша. 7kun.kz — Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова халыққа төленген ақшалай көмек пен 2018 жылдың 1 қаңтарынан енгізілетін әлеуметтік көмектің жаңа форматы мәселесін талқылады деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 

БҚО-ға Тамара Дүйсенова АӘК бойынша көрсетілетін көмектің сапасы ең алдымен орталық мамандарының дайындық деңгейіне байланысты екенін айтты.

«Әрбір отбасы білу керек, олар қандай көмек ала алады? Өнімді жұмыспен қамтылғанда қандай ақы аларына және қандай қолдау көрсетілетініне көз жеткізеді. Тұтастай алғанда, бізде жаңа форматтағы АӘК енгізу бүгінгі күннің маңызды тақырыбы болып отыр. Бұл бағытта Батыс Қазақстан облысында жұмыс тиісті деңгейде жүргізілуде»,-деді Тамара Дүйсенова.

Кездесу барысында Тамара Дүйсенова Батыс Қазақстан облысында жұмыссыздық мәселелерінің бірқатар мысалдарын айтты. Министр облыс әкімі Алтай Көлгіновке осы мәселеге ерекше назар аударуды және жұмыссыздарды тұрақты жұмысқа орналастыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды ұсынды.

2017 жылдың алғашқы 10 айында БҚО бойынша шамамен 256 отбасы 51,1 млн теңге көлемінде мемлекеттен ақшалай көмек алды.

Бұған дейін Маңғыстау облысында 4400 адам жұмыспен қамтылды.