БҚО-да әлеуметтік нан бағасы көтерілмейді

2642

БҚО. 30 тамыз. 7kun.kz — Әлеуметтік нан бағасы көтерілмейді. Бұл жөнінде БҚО бойынша ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Марат Оңғарбеков мәлімдеді деп жазады «Уральская неделя».

Әлеуметтік нан дегеніміз — бірінші сортты 600 грамм нан. Оны наубайлар мемлекет бөлетін бидайдан пісіреді. «Осы жылы республикалық бюджеттен осы мақсатта 389 млн теңге бөлінді», — дейді Оңғарбеков.
«Егер бірінші сортты бидайдың бір тоннасының нарықтық бағасы 40 теңге болса, әлеуметтік нан үшін бидайдың тоннасы 20-25 теңгеден келеді», — деп түсіндірді ауыл шаруашылық басқармасының басшысы.