Байденнің Украинадағы әрекеті дүниежүзілік соғысқа әкеледі – Трамп

АҚШ. 21 маусым. 7kun.kz – АҚШ президенті Джо Байденнің Украинадағы әрекеті дүниежүзілік соғыстың басталуына әкеліп соғады, деді АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп, деп хабарлайды 7kun.kz.

Оның айтуынша, қазір Америка Құрама Штаттарын үлкен проблемаларға тап болды.

«АҚШ мұндай жағдайда ешқашан болған емес. Украина мен Ресейде болып жатқан оқиғалар бізге үлкен қауіп төндіруде», – деді Трамп.

Трамп Байденнің Украина дағдарысына қатысты әрекеттерін «ақылсыздық» деп атады. Ол АҚШ-тың рецессия жағдайында екенін айтты. Бұған дейін де Трамп Байденнің әрекеттері дүниежүзілік соғыс басталуына алып келуі мүмкін деп мәлімдеген еді.

Айта кетейік, 2022 жылдың мамырында АҚШ президенті Джо Байден Украинаға қатысты ленд-лиз заңына қол қойған еді. Бұл құжат Укрианаға қару-жарақ жеткізуді біршама жеңілдетеді.