Байланыс кәсіпорындары үш айда 187,9 млрд теңге табыс тапты

41
байланыс
Фото: Kapital.kz

Алматы. 12 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында байланыс кәсіпорындары 187,9 млрд теңге табыс тапты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2%-ға көп.

Жергілікті телефон байланысы қызметтерінің кірісі — 9,4 млрд теңге(6,8%-ға кем), интернетке қолжетімділік беру – 67,5 млрд теңге (11,7%-ға артық), ал ұялы байланыс қызметтері — 50,6 млрд теңге (9,1% — ға артық) болды.

Қызметтердің жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес кеңжолақты интернетке (36%) және ұялы байланысқа (27%) тиесілі. Басқа да телекоммуникациялық қызметтер кірістердің 17,8%-ын, жергілікті телефон байланысының жұмысы – 5%-ын, кабельдік инфрақұрылым және сымсыз желілер бойынша бағдарламаларды тарату бойынша қызметтер — 4,8%-ын құрады.

Наурыз айында тіркелген телефон желісі абоненттерінің саны 3,3 млн-ға жуық болды. Ал ұялы байланыс абоненттерінің саны 25,7 млн-ға жуық, интернетке қолжетімділігі бар абоненттердің саны 14,4 млн-ға жуық, тіркелген интернет абоненттерінің саны 2,5 млн-нан астам бірлікті құрады.