Алматы. 26 қаңтар. 7kun.kz - Алматы әкімі Бауыржан Байбек тұрғындарды жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды. Қала басшысы қоғамдық көлікпен жүру ақысы көтеріледі деген сөздің өтірік екендігін жеткізді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтен соң жол ақысы керісінше, арзандауы мүмкін дейді әкім.
"Бүгін бір жерден (nur.kz-тен болу керек) жол ақысы қымбаттайды дегенді көзім шалды. Алдағы уақытта керісінше, арзандауы мүмкін", - дейді Байбек.
Әкімдіктің мақсаты - қоғамдық көлікпен жүретіндер санын көбейтіп, қаладағы көлік санын қысқарту.
"Еуропада автокөлік тұрақтары өте қымбат. Оларда бюджетке ақша түссін деген мақсат емес, адамдар көлікті аз қолдану үшін солай қымбаттатады. Біз де солай етуіміз керек. Адамдарға қоғамдық көлікпен жүрген қай жағынан да ыңғайлы болуы тиіс", - дейді ол.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





