7 дерекNewsТаңдаулы

Балаңыз бизнесмен болсын десеңіз, мына 7 кітапты оқытыңыз

 

Соңғы кезде әлемде балаларды кәсіпкерлікке дайындайтын кітаптар танымалдылыққа ие. Соның ішінде, Украиналық авторлар ең маңызды деген 7 кітабын назарларыңызға ұсынамыз.

 

1. Маша Сердюк. «Илон Маск».

Фото mc.today

  

Кітап –  Tesla және Space X негізін қалаушы Илон Масктің өмірбаяны туралы. Кішкентай оқырман кітапты оқи отырып  қазіргі заманның ең танымал өнертапқышы ОАР-да туылғанын,  оны қатарластары неге ұнатпағанын және Илонның ақшаны қайда жұмсағаны жайлы біле алады.

Маск өмірбаяны балаға кішкентай кезінен бастап кәсіпкерлермен достасуға, олардың дамуын қадағалауға көмектеседі. Сондай-ақ кітапта көптеген мотивациялық цитаталар бар: «Қарапайым адамдар ғажайып өмірді таңдай алады» және « Егер сізге бір нәрсе шын мәнінде маңызды болса, оны міндетті түрде жасайсыз.Тіпті сізде еш мүмкіндік болмаса да» .

2.      Елена Тимохина, «Твои финансы. Планируй, копи и трать с умом»(Сенің қаражатың.Жоспарла, жина және ақылмен жұмса)

Фото mc.today

Егер сіздің балаңыз енді ғана ақша ала бастаса, оны қайда жаратуды білмейтіні  анық. Қолындағы қаражатты дұрыс жұмсауды үйрену үшін осы кітапты сатып алып беріңіз. Бұл кітаптың көмегімен жасөспірім шығыстарды есепке алуды, қаржы есебін жүргізуді  үйренеді және несие мен салық  ставкасының не екенін түсінеді. Кітапта арнайы тапсырамалар да бар: өзінің алдына қаржылық мақсат қою, айлық шығыстарда есептеу және тиімді бағалар ұсынатын дүкендерді таңдау.

3.     Наталья Чуб. «Азбука бизнес» (Бизнес әліппесі)   

Фото mc.today

Кітаптың басты кейіпкері Сережка гномдар еліне тап болып, олармен бірге кәсіпкерлік пен экономика негіздерін үйренеді. Ата-анасының әмиянындағы ақша аспаннан түспейді, оны алу үшін көп жұмыс істеу керектігін түсінеді.  Ең қызығы кітап ертегі түрінде берілген. Ойын арқылы баланың санасына бизнестің схемасын түсіндіреді. Мүмкін көп кәсіпкерлерді дайындау үшін бізге осындай тәжірибе жетпейтін шығар.

4.     Джерри Бейли, Фелиция Ло. «Как потратить деньги с умом?» (Ақшаны қалай ақылмен жұмсау керек?) 

Фото mc.today

Ақшаны дұрыс жұмсау жөніндегі тағы бір кітап. Кітаптың көптеген бөлімі осы тақырыпқа арналған. Сонымен қоса, авторлар  басқа да көптеген нәрселер жайлы ақпарат берген. Мысалы, олар оқырманды баға белгілерімен таныстырады (неге кәмпиттің баға белгісінде осындай сома көрсетілген), құқық иеленушінің құқықтары (неліктен рұқсатсыз біреудің затын алуға болмайды), жарнама және басқа да ұғымдар. 

Сіздің балаңыз осы кітаптан ақшаны желге шашпауды үйренеді, керісінше оларды жинап және сауда жасағанда ойланатын болады.

5.     Бодо Шефер, «Как в 12 лет Кира разбогатела» (Кира 12 жасында қалай бай болды?) 

Фото mc.today

Кира мен оның сөйлейтін иті Мани жайлы кітап.Бұл комикстың авторы – қаржы кеңесшісі және жазушы Бодо Шефер.

Кира мен Мани шытырман оқиғаларды бастан өткеріп, ақшаның нағыз құнын біледі. Нәтижесінде кішкентай қыз қаржы жөніндегі эксперт болады.

Кітап оқырманға екі түрлі сабақ береді. Бірінші: ақша аспаннан жаумайды. Екінші: бір нәрсені түсіну үшін көп әрі тынбай еңбектену керек.

6.   Дмитрий Васин. «Деньги и бизнес для детей» ( Балаларға арналған ақша және бизнес)

Фото mc.today

Бұл кітап балаңыздың бизнес саласында нағыз акулаға айналуына көмектеседі.

Автордың ойынша, ақша – қалауыңды орындаудың құралы. Кітап кәсіпкерлік негіздерін түсіндіреді. Мысалы, не үшін ақша үнемдеу керек, бизнес деген не, инвостор кім секілді сұрақтарға жауап береді. Бұған қоса, кітап жақсы оқуға талпындырады. Себебі кітапта оның адам үшін қаншалықты маңызды екендігі жазылған.

7.    Игорь Липсиц. «Удивительные приключения в стране Экономика»(Экономика еліндегі ғажайып оқиғалар)

Фото mc.today

Кітаптың басты ерекшелігі – ересектердің өзіне қиын ұғымдарды қарапайым тілмен түсіндіреді. Бәсекелестік, маркетинг, сауда, салық. Неліктен баланың балалығын мұндай сөздермен бұзу керек? Оның  орнына автор, балалардың назарына  осы секілді маңызды және іш пыстырарлық заттарды жарқын, ертегі бояуларында түсіндіретін ойдан шығарылған елді ұсынады. Бұл баланы қызықтыру үшін – ең керегі.

Tags

Осы айдарда

Close