Алматы. 12 ақпан. 7kun.kz – Bank RBK-ның экс-акционері Фарид Люхудзяев қайтыс болды. Бұл туралы Bank RBK-да хабарланды.
«Иә, расымен, Фарид Люхудзяев кенеттен көз жұмды», - делінген хабарламада.
Фарид Рамзанұлы 60 жасында өмірден озды. 2018 жылдың 20 қазанында ол 61-ге толатын еді.
Айта кетейік, Фарид Людхузяев Bank RBK-ның қарапайым акцияларының ең ірі акционері болған. 2017 жылдың 1 қазанында оған банк акциясының 10,24 пайызы тиесілі болды.
2011 жылы ҚР Ұлттық банкі SBS Group өндірістік кәсіпорын басшысы Фарид Люхудзаевқа Bank RBK-ның ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуына келісім берген.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024