Банк «ЦентрКредит» пен «Цеснабанк» екі банкті бағалау үшін аудиторлық компанияны жалдайды

Фото: pak-audit.ru

Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz — Банк «ЦентрКредит» пен «Цеснабанк» екі банкті бағалау үшін «үлкен төрттікке» кіретін аудиторлық компанияны жалдайды. Бұл туралы «ЦентрКредит» банкінің баспасөз қызметі хабалады.

Қаржы институттарының басшылығы берілген ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта потенциалды консультанттармен келіссөз жүргізіп жатыр.

«Бағалау мерзімі консультант таңдалғаннан кейін белгілі болады. Бағалау аяқталып, стратегия анықталған соң, бірігуден кейінгі келісімнің нәтижесі туралы сұрақтардың жауабы табылады», — деп атап өтті банк төрағасы.

Еске салсақ, 2017 жылдың 20 сәуірінде «ЦентрКредит» банкіндегі меншік иесін ауыстыру процесі біткен. 2017 жылдың 1 мамырынан бастап «ЦентрКредит» Банкінің негізгі акционерлері Бақытбек Байсеитов (36,26%), Цеснабанк (27,96%) және «Цесна Қаржылық холдингі» АҚ (13,42%).