Банктер 115 млрд теңгеге ипотекалық несиені мақұлдады

38
тұрғын
Фото: tengrinews.kz

Алматы. 22 сәуір. 7kun.kz — «7-20-25» және «Баспана Хит» мемлекеттік бағдарламалары бойынша банктер қазақстандықтардан 200 млрд теңгеге өтінім қабылдады. Мақұлданған қарыз сомасы 115 млрд теңгеге жақындады, деп хабарлайды «Баспана» ипотекалық ұйымының баспасөз қызметінде.

Сәуір айының ортасына қарай серіктес банктер ипотекалық кредиттерді мақұлдау мен берудің ең жоғары қарқынына қол жеткізеді. Өткен аптада 8,3 млрд теңге сомасына несие мақұлданды, бұл бір жұмыс күні ішінде 1,7 млрд теңгені құрайды. Оның 5,2 млрд теңгесі — «Баспана Хит» бойынша, 3,1 млрд теңгесі — «7-20-25» бойынша. Ипотекалық несиелерді беруде негізгі үлесті ЦентрКредит Банкі, Сбербанк және Қазақстанның Халық банкі алады.

«Үлкен қалаларда да, өңірлерде де әзірлеушілер тұрғын үй құрылысының белсенді кезеңіне кіріп жатыр. Бұл жақын арада «7-20-25» бағдарламасы бойынша жеткілікті тұрғын үйді қамтамасыз етеді», — деді Баспана ипотекалық ұйымы басқармасының төрағасы Қайрат Алтынбеков.

Айта кетейік, «7-20-25» бойынша мақұлданған несие сомасы 85 млрд теңге болды. «Баспана Хит» бағдарламасына қысқа мерзім ішінде 30 млрд теңге бөлінді.