Банктер «7-20-25» және «Баспана Хитке» 4,9 млрд теңге береді

44
Фото: Zanmedia.kz

Алматы. 14 қаңтар. 7kun.kz – 2019 жылдың 6 жұмыс күні ішінде банктер «7-20-25» бағдарламасы бойынша 3 млрд теңге және «Баспана Хит» бағдарламасы бойынша 1,9 млрд теңге беруді мақұлдады.

Мақұлданған 4,9 млрд теңгенің 2,5 млрд теңгесі немесе 56%-ы Сбербанкке тиесілі.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың қорытындысы бойынша 7-20-25 бағдарламасында ЦентрКредит Банкі (мақұлданған кредиттердің жалпы үлесінің 78% — ы) көшбасшы болды. Ал Баспана Хит бойынша мақұлданған кредиттердің жалпы үлесінің 38%-ын Цеснабанк берді.