Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды

97
Алматы
Фото: azh.kz

Алматы. 1 наурыз. 7kun.kz – Президент Б. Сағынтаевты ҚР Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын», — делінген Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығының мәтінінде.

Еске сала кетейік, Бақытжан Сағынтаев 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап ҚР Премьер-министрі қызметін атқарып, осы жылдың 21 ақпанында отставкаға кетті.