«Баспана» компаниясының директорлар кеңесі сайланды

76
несие
Фото: e-news.su

Алматы. 30 сәуір. 7kun.kz — «Баспана» ипотекалық компаниясының директорлар құрамына бес адам кірді. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының сайтында хабарланды.

Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған «Баспана» Ипотекалық ұйымы» АҚ жалғыз акционерінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі шешімімен Директорлар кеңесінің құрамына сайланды:

  • Олег Смоляков (Директорлар кеңесінің мүшесі));
  • Қайрат Алтынбеков (Директорлар кеңесінің мүшесі);
  • Дәурен Сәлімбаев (Директорлар кеңесінің мүшесі);
  • Ульф Вокурка (Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор);
  • Даулет Абилкаиров (Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор).

Айта кетейік, қазіргі уақытта «Баспана» компаниясының директорлар кеңесі бес адамнан тұрады.