Қазақстан Beeline су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды облысының тұрғындарына көмек ретінде қайырымдылық SMS-акциясын бастайды. Бұл туралы мобильді байланыс операторының баспасөз қызметі хабарлады.
«Акцияға қатысқысы келген Beeline-нің әрбір абоненті 911 номеріне шектеусіз SMS жібере алады. Бір хабарламаның құны — 200 теңге. Акция аясында түскен барлық қаржы Қазақстан Республикасының Қызыл жарты ай қоғамының есепшотына аударылады», — делігнен таратылған хабарламада.
SMS арқылы көмек көрсетуден бөлек әрбір адам «ҚР Қызыл жарты ай қоғамының» Қарағандыдағы есепшотына қаржы аудара алады:
100019 Караганда қ. Кривогуза көшесі,3
РНН 302000015917, ИИК KZ349261101108562000,
БИН 950241002154
АО Казкоммерцбанк БИК KZKOKZKX
КБе — 18
КНП – 119
Сондай-ақ www.redcrescent.kz. сайты арқылы онлайн-қайырымдылық жасауға болады. Түскен қаржылар мен олардың жұмсалуы туралы есеп аталған сайт пен әлеуметтік желілерде жарияланып тұрады.