Beeline қызметкерлері өз жұмыс кестесін өз еркімен жасайды

375
Beeline

Астана. 13 қараша. 7kun.kz — Beeline қызметкерлерді ынталандырудың жаңа әдістерін енгізіп жатыр. Енді компания қызметкерлері қашықтан жұмыс істеп, кеңсеге «икемді» уақытта келе алады. Бұл ретте, еңбек күнінің басталатын және аяқталатын уақытын мобильді байланыс провайдерінің қызметкерлері өздері белгілейді, деп хабарлайды компания баспасөз қызметі.

Осы әдістеме Өскемен және Астана қалаларында сынақтан сәтті өтсе, компания жетекшілері жұмыс кестесінің жаңа түріне толық көшпек ниетте. Екі айлық сынақ нәтижесі бойынша, Beeline қызметкерлері еңбек өнімділігінің артқанын, тәртіптің күшейгенін және кадрлар тұрақсыздығы төмендегенін көрсетті. Жазғы науқан нәтижесі шыққан соң, осы әдістемені толық енгізу туралы шешім қабылданды.

«Заманауи компания – қызметкерлер келіп еңбек жазасын өтейтін, ал басшылар қарауыл қызметін атқаратын орын емес. Beeline қызметкерлерге жұмыс барысында бұрынғыдан да көп еркіндік бере отырып және осы арқылы олардың еңбек өнімділігін арттыра отырып, барынша ыңғайлы еңбек жағдайын жасауға тырысады. Икемді жұмыс уақыты мен қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі жұмыс уақытын дербес жоспарлауға мүмкіндік береді және бұл – ынталандырудың тамаша әдісі екені күмәнсіз. Жаңа әдіс жұмыстан қалу, кешігу және артық жұмыс істеу тәрізді кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңа қызметкерлерді жұмысқа алу кезінде, басқа жұмыс берушілермен салыстырғанда біздің артықшылығымызды көрсетеді», — деп Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Александр Комаров нық сеніммен айтты.

2018 жылғы 30 сәуірге дейін компания бастаманы енгізу нәтижесінің статистикасын жинақтайды. Қызметкерлердің жұмыс уақытын дербес бөлуге тұрақты түрде ауысу толық қорытынды шыққан соң және икемді жұмыс кестесіне сыни ескертулер болмаған жағдайда жүзеге асады.