Белгілі блогер полиция қамауға алардың алдында видеоүндеу жасады

Блогердің айтуынша, ол Mudarabah Capital компаниясы құрылғаныннан кейін жарты жыл өтіп, салымшылардың ақшасы жиналғаннан кейін барып бейресми қатысушысы болған.

«Мен құрған жоқпын немесе басқарған жоқпын, мен 2020 жылдың 10 қарашасында ғана бейресми қатысушы болдым. Ол кезде компанияның жұмыс істеп жатқанына алты ай болды. Mudarabah Capital мен Astex.kz арасында 2020 жылдың 1 шілдесінде қол қойылған қаражатты қабылдауға мүмкіндік беретін ынтымақтастық келісімі бар, ал мен тек 10 қарашада бейресми қатысушы болдым. Басқалар сияқты менің де бұл келісімге ешқандай қатысым жоқ», — деді блогер Instagram парақшасында.

Төребаев 2020 жылдың 29 қыркүйегінде өзі де 10 миллион теңге салып, Mudarabah Capital компаниясының инвесторы болғанын, оны әлі күнге дейін алмағанын айтады.

«Мұнда мені жәбірленуші деп тану туралы шешім. Ал маған бейтаныс адамдармен алдын ала келісіп, бір топ адамдарда қаржы пирамидасын құрды деген айып тағылып отыр», — дейді ол.

Ол сондай-ақ, Қаржы нарығын реттеу агенттігі 2020 жылғы 27 қазанда полиция мен Экономикалық тергеу департаментіне Mudarabah Capital және Astex.kz –ке қаржылық пирамида белгілерінің болуына байланысты шара қолдануды ұсынғанын айтады.

«Алайда полиция да, департамент те агенттік нұсқауларын елемей, Mudarabah Capital директорынан ресми жауап алумен шектелді, осылайша бұл компанияларға инвесторлардан қаражат жинауды жалғастыруға мүмкіндік берді. Полиция мен Экономикалық тергеу департаменті Mudarabah Capital және Astex.kz-ке қатысты шара қолданса, келеңсіздіктің алдын алар еді», деді блогер.

Еске салайық, 2021 жылдың 26 ​​қазанында Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрушы Руслан Бурханов ұсталған болатын. Кейін аталған компанияны отандық блогерлер мен вайнерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзімжан Саидбаевтың жарнамалағаны белгілі болды. Сонымен қатар олар құрылтайшылардың қатарында болған.

10 ақпанда Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзімжан Саидбаев пирамидалық схема бойынша іс бойынша айыпталушылар қатарына қосылды. Алдыңғы екеуіне сот бұлтартпау шарасы ретінде «кепіл» санкциясын берген. Ал Саидбаевқа іздеу жарияланды.

11 сәуір күні Mudarabah Capital салымшысы Бағила Досмаилованың Ішкі істер министрлігі ғимаратының жанында өзін-өзі өртеп жіберді. 20 миллион теңгеге жуық қаржысын салған әйел Алматы полициясы басшысының орынбасары Рустам Әбдірахмановты айыптап, қылмыстық іс жабылып қалады деп күдіктенген. Қазіргі кезде ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Ал Рустем Әбдірахманов бұған жауап беріп, қылмыстық іс бойынша 14 адам күдікті деп танылып, оның екеуіне «Ұстау» санкциясымен халықаралық іздеу жарияланғанын хабарлады.

Мейіржан Төребаев сәуірдің 13-і күні салымшының өзін-өзі өртеп жіберуіне қатысты пікірін білдіріп, тергеу барысында өрескел заң бұзушылықтар болғанын мәлімдеді.

Кеше Алматы қалалық ІІБ аталған іске қатысы бар делінген төрт адам, оның ішінде вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қамауға алынғанын хабарлады.