Mudarabah Capital ісі: блогер Алматы полициясының тергеу барысына наразы

Фото: instagram.com/meirzhach_tv

Қаржы пирамидасы туралы шулы істе фигурант болып жүрген қазақстандық блогер Мейіржан Төребаев Алматы ПД-да тергеудің өрескел бұзылғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды 7 kun.kz.

Төребаевтың Mudarabah Capital қаржылық пирамидасына қатысы бар. Естеріңізде болса, салымшылардың бірі өз-өзіне от қойып, өртеп жіберген.

Блогер шулы оқиғадан кейін Instagram-да аталған іске қатысты дұрыс тергеу қажет екенін мәлімдеді.

«Мен бұл компанияның халал екеніне сеніп, алданып қалғаныма қатты өкінемін», — деп жазды ол.

Төребаев «өз қолымен ешкімнен ақша алмағанын және өзі де зардап шеккенін» атап өтті.