Белгілі қазақ жазушысының інісі әкім болып тағайындалды

Жуалы. 27 маусым. 7kun.kz – ҚР президенті әкімшілігінің және аудандық мәслиxатының келісімімен, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жуалы ауданының әкімі болып Мұртаза Жалғас Әлижанұлы тағайындалды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ол 1988 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданында туған, білімі жоғары.

2009 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Еңбек өтілін 2010 жылы ҚР құрылыс және тұрғын үй-комммуналдық шаруашылық істері агенттігінде есепші болып бастаған.

Әр жылдары ҚР Құрылыс және тұрғын үй-комммуналдық шаруашылық істері агенттігінде сарапшы, бас сарапшы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2020 жылғы маусымнан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

Айта кетейік, Жалғас Мұртаза – Шерхан Мұртазаның туған інісі Әлижанның ұлы.