Белгісіз біреулер Мәжіліс депутатының атын жамылып қордан ақша бопсалаған

Алматы. 29 шілде. 7kun.kz – Белгісіз біреулер ҚР Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанның атын жамылып белгілі қорлардың бірінен ақша бопсалаған. Бұл туралы депутат өзінің Facebok-парақшасында хабарлады.

«Менің атымды жамылып (аты-жөнін анықтадық) елімізге мәлім Қордың құрылтайшыларын бопсалап қаржы талап еткені туралы ақпарат келіп түсті. Қор құрылтайшылары мен заңгерінде нақты дәлелдері бар», – деп жазды Мәжіліс депутаты.

Оның айтуынша, енді ол қолда бар мәліметтерінің негізінде Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігіне жүгінеді. Депутат осындай кеселдермен бүкіл қоғам болып күресуге шақырды.