Беларусь криптовалютаны заңдастырды

212
Беларусь
Фото: bitcoinbotter.ru
Алматы. 25 желтоқсан. 7kun.kz — Беларусь елінің президенті Александр Лукашенко «Цифрлық экономиканы дамыту» деген декретке қол қойды деп хабарлайды БЕЛТА агенттігі. 

Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл құжат арқылы Беларусь ICO мен криптовалютаны ресми заңдастырды. Сонымен қатар, жаңа қабылданған құжат криптовалюталар операциясы мен оны сақтауға және криптобиржалар, криптоплатформаларды жұмысына арнайы талаптар қоймайды. 2023 жылға дейін майнинг үшін салық төлемеуге де болады.

«Бұл декреттің көмегімен Беларусь блокчейн технологиясын барынша кең пайдалануға мүмкіндік берген әлемдегі тұңғыш ел болды»,-деп мәлімдеді Александр Лукашенко.

Бұдан бөлек, Лукашенко 2023 жылға дейін майнинг үшін берілген арнайы салықтық және құқықтық жеңілдікті 2049 жылға дейін созуға дайын екенін айтты.