Белоруссия ЕҚҚДБ-ға несие алу туралы өтініш берді

Белоруссия ЕҚҚДБ-ға несие алу туралы өтініш берді

Белорусиия Еуразиялық қайта құру және даму банкіне (ЕҚҚДБ) ЕурАзЭО-ның антидағдарыстық қорынан несие алу үшін өтініш берді. Қаржы ресейлік рубльдің құнсыздануынан орын алған экономикалық шығындар мен сыртқы қарыздарын жабу үшін қажет деп хабарлайды «Коммерсант» басылымы.

ЕҚҚДБ-ға өтініш беруге Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) рубль девальвациясының әріптес-елдерге зиянын тигізуі себеп болып отыр. 2015 жылы Минск сыртқы қарызы бойынша тағы 4 млрд доллар төлеуі қажет. Бұл несие 2015-2017 жылдарға арналған тұрақтандыру бағдарамасын іске асыру үшін жұмсалады.

Басылымның атап өтуінше, Белоруссия президенті Александр Лукашенко Минсктің қажеттілігін 2 млрд доллар деп бағалады, бірақ антидағдарыстық қордың лимиті 1,8 млрд доллардан аспауы қажет. Несиенің нақты сомасы әлі аталған жоқ.

2011 жылы ЕурАзЭО Минскке 3 млрд доллар көлеміндегі несие берген еді. Белоруссия несиелік бағдарламаның 14 көрсеткішінен 10-ын орындай алмағандықтан 6 үлестік несиенің соңғысын ЕҚҚДБ бұғаулап тастады.