Бензин өндірісі қаңтар-ақпан айларында 5,4%-ға қысқарды

400
Бензин өндірісі қаңтар-ақпан айларында 5,4%-ға қысқарды

Осы жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанда 653,2 мың тонна бензин өндірілді. Бұл 2014 жылғы дәл осындай есептік кезең көрсеткішімен салыстырғанда 5,4%-ға кем деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.

Дизель өндіру 0,3%-ға азайып, 1 млн 99 мың тоннаны, ал жағу мазуты 18,9%-ға кеміп, 738,2 мың тоннаны көрсетті.