Билл Гейтс ДНК зерттеуіне инвестиция салады

524

Microsoft компаниясының қожайыны Билл Гейтс ДНК жасушаларын зерттеумен айналысатын Editas Medicine компаниясына 120 млн. доллар көлемінде инвестиция салады.

Зерттеу жобасына сондай-ақ, Google Ventures, Diirfield Management, Viking Global Investor секілді компаниялар қатысып жатыр. Компания құрылған екі жыл ішінде 100 млн. доллар инвестиция тартылған.

Editas Medicine компаниясы қазіргі таңда Crispr/Cas9 ДНК механизмін зерттеумен айналысып жатыр. Аталған механизм зақымданған генде жаңа ДНК жасушашын тудыра отырып, бактерияларды вирустан қорғайды.