Билл Гейтс тағы да ең бай адам деп танылды

Билл Гейтс тағы да ең бай адам деп танылды

Forbes журналы 16-рет Билл Гейтсті әлемнің ең бай адамы деп таныды.  Microsoft компаниясының негізін қалаушы мексикандық кәсіпкер Карлос Слимді екінші орынға қалдырды. Өткен жыл ішінде Гейтстің дәулеті 3 миллиард долларға өсіп, 79 миллиард долларды құрап отыр.

Forbes-тың жазуынша, әлемдегі миллиардерлердің саны — 1826 адам, бір жыл бұрынға қарағанда 181 адамға көп.

Американдық инвестор Уоррен Баффет 72,2 млрд долларымен үшінші қатарға жайғасты, осыған дейін оның орнында Zara брендінің негізін қалаушы испандық Амансио Ортеги  болған еді.

Forbes-тің жалпы тізімі:

1. Билл Гейтс — 79,2 млрд (Microsoft)

2. Карлос Слим — 77,1 млрд (Телекоммуникация және құрылыс)

3. Уоррен Баффет — 72,7 млрд (жаһандық инвестор)

4. Амансио Ортега — 64,5 млрд (Zara және басқалар)

5. Ларри Эллисон — 54,3 млрд (Oracle)

6. Чарльз Кох — 42,9 млрд (өнеркәсіп иемденуші)

7. Дэвид Кох — 42,9 млрд (өнеркәсіп иемденуші)

8. Кристи Уолтон — 41,7 млрд (Walmart)

9. Джим Уолтон — 40,6 млрд (Walmart)

10. Лилиан Бетанкур — 40,1млрд (L’Oreal)

Жалпы әлем бойынша дәулеттілердің тізімінде жоғары технологиялар сферасындағы америкалық компаниялардың негізін қалаушылар мен иелері басымдылық танытып тұр. Олардың арасында ең бай әйел — Кристи Уолтон, Джон Уолтонның жесірі, америкалық  Walmart сауда империясының мұрагерлерінің бірі.

Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберге 33,4 млрд доллармен бес орын жоғары көтеріліп, 16-қатарға тұрақтады. Ол алғаш рет үлкен жиырмалықтың тізіміне еніп отыр.

Ең жас миллиардер-Snapchat интернет-хабарламасы жүйесінің негізін-қалаушы, 24 жасар Иван Шпигель. Оның дәулеті бір жарым миллиард доллар деп бағалануда.

Forbes-тың алғашқы жиырмалығының 15-і америкалық. Бұл жылы 290 миллиардер қосылған, 71-і қытайлық, 46 миллиардердің жасы 40-қа толмаған. Ал 138 дәулетті тізімнен шығып қалды. Оның араларындағы ең танымалы — Украинаның қазіргі президенті Петр Порошенко.