Билл Гейтстің болашақ жайлы 7 болжамы

4362
фото:keddr.com

1995 жылдан бастап Forbes журналының рейтингі бойынша әлемдегі ең бай адам саналатын Билл Гейтсті 21 ғасырдың «аузы дуалы» адамдардың бірі деп атасақ қателеспейміз. Оның болашақ жайлы болжамдары әрдайым орындалып жүр.  Назарларыңызға Билл Гейтстің  соңғы сұхбаттарында айтылған болашақ туралы 7 пікірін ұсынамыз.

  1. Алдағы 15 жылдың ішінде жер бетінде 33 миллион адам патогеннен қайтыс болуы мүмкін.

2017 жылы Мюнхенде өткен  адам қауіпсіздігі жайлы Much Security конференциясында Билл Гейтс жер бетіндегі адам  саны 33 миллионға қысқаратынын айтты. Кәсіпкер бұл болжамын ауа арқылы тез таралып, бір жылдың ішінде 30 миллион адамды өлтіре алатын патогендерге негіздеді. Патогендік микроорганизмдер  мутацияның, апаттың немесе террористік шабуылдың салдарынан тез таралады. Дәл осындай жағдай адамзат тарихында 14 ғасырдың ортасында және 1918 жылы болған. «Қара өлім»  деп аталған індет Еуропаның үштен бір бөлігін жойып жіберген. 1918 жылы испандық тұмаудың салдарынан 50-100 млн адам көз жұмды

  1. Африка өзін-өзі азық-түлікпен толыққанды қамтамасыз етеді

Билл Гейтстің пікірінше, келешекте Африкада  бірнеше құрылымдық өзгерістердің арқасында аштық жойылады.  Жақсы тыңайтқыштардың көмегімен мол өнім жиналады. Еңбек өнімділігі өседі. Бүгінгі күні Африкада автромагистральдер үлкейіп жатыр.  Мысалы, оның құрамына кіретін  Ганада жолдар кеңейіп, Сенегалда тасымалдау кезінде туындайтын бақылау-өткізу пунктіндегі проблемалар шешілді. Сондай-ақ ұялы телефондардың танымалдығы күн санап артып келе жатқандықтан,  мобильді байланыстың арқасында Африка үшін  нарықтағы тауардың  бағасын білу және болжау қиындық туғызбайды.

  1. Мобильді банкинг жағдайы нашар адамдардың өмірін өзгертеді

Электронды банкинг жүйесінің көмегімен жағдайы төмен адамдар ақшаларын сандық түрде  сақтай  алады. Билл Гейтс 2015 жылғы жолдауында 2030 жылға дейін банкте тұрақты шоты жоқ  2 миллиард адам қаражатын ұялы телефон арқылы басқаратынын айтқан.

  1. 2035 жылы жер бетінде кедей мемлекеттер болмайды

  Біздің заманымызда  әлем өткен ғасырлармен салыстырғанда   түбегейлі өзгерген. Бүгінгі күні  елдер арасындағы бір-біріне деген өшпенділік, ызаның барлығы татулыққа ұласқан. 2014 жылғы жолдауында Билл Гейтс кедей мемлекеттерге инвестиция құйып, қаржылай көмек көрсетудің маңыздылығына мән берді. Оның сөзінше, кедей мемлекеттерге көмек берудің арқасында әлем экономикасында тұрақтылық орнайды.

  1. 2030 жылы әлемді энергетика өзгертеді

2016 жылы Гейтс энергия көздерін қайдан тауып, қалай өндірудің нақты жолын көрсеткен жоқ. Дегенмен оның пікірінше, жастар энергетикаға инвестиция құйса, ұтылмайды. Себебі 2030 жылы қоғамның  энергетикаға деген сұранысы бүгінгі күнге қарағанда бірнеше есе өседі.  Билл Гейтстің өзі алтернативті технологияларға  2 миллиард долларын жұмсаған.

  1. Жұмыстың басым бөлігін автоматтар істейтін болады

Келешекте кез келген жұмысты адамдардың орнына роботтар, автоматтар істейтінін осыған дейін бірнеше мақаладан оқыған боларсыз.  Билл Гейтс те Quatz журналына берген сұхбатында осыны ескерген. Алайда оның пікірінше, роботтарға салық төлету арқылы тек қана адамдар істейтін жұмыс орындарын қаржыландыруға болады.

  1. 2018 жылы бүкіл әлем полиомиелитті жеңеді

Полиомиелит — жүйке жүйесін зақымдайтын жұқпалы ауру. Билл Гейтс 2013 жылғы хатында жер бетінде  полиомиелиттің азайғанын жазды. Тек әлемнің үш мемлекетінде, яғни Нигерия, Ауғанстан, Пәкістанда  бұл аурудың түрі асқынып тұр.  Билл Гейтс хатында полиомиелиттің жер бетіндегі ең қауіпті аурулардың бірі екенін ескертіп, барша адамзатты оған қарсы күресуге шақырды.   Ол осы ауруға қарсы 36 млрд доллар бөлген.