Бір жылда «Нұрлы жер» бағдарламасына 484 млрд теңге бөлінген

ипотека
Фото: kstnews.kz

Астана. 23 қазан. 7kun.kz — «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша республикалық бюджет есебінен — 164,2 млрд теңге, Ұлттық қордан — 319,9 млрд теңге қарастырылған деп мәлімдейді қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Бірінші бағыт бойынша — көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға — 314,7 млрд теңге қарастырылған. 1 қазандағы жағдай бойынша 203,7 млрд теңгесі немесе есепті кезең жоспарының 100% орындалған.

Екінші бағыт бойынша индустриалды инфрақұрылымды дамытуға бөлінген 17,7 млрд теңгенің 12 млрд теңгесі немесе жоспар бойынша 100% игерілген.

Үшінші бағыт бойынша — Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, сумен және жылумен жабдықтау, су тарту желілеріне 53 млрд теңге қарастырылған. 44,8 млрд теңге сомасы орындалған.

Төртінші бағыт бойынша — білім беру саласында инфрақұрылымды дамытуға — мектептердің құрылысына 71,7 млрд теңге қарастырылған. 1 қазандағы жағдай бойынша өңірлерге 59,5 млрд теңгесі аударылған.

Дереккөзі: primeminister.kz