Бірінші тоқсанда Қазақстанда 200 226 көлік тіркелген

138
қараша
Фото: Forbes.kz
Алматы. 15 мамыр. 7kun.kz — 2018 жылдың бірінші тоқсанында тіркелген автокөліктердің саны 200226-ны құрады деп хабарлайды Статистика комитетінің баспасөз қызметі.

Бұл 2017 жылдың қаңтар-наурызындағы көрсеткішпен салыстырғанда 75,5 пайызға көп. 2018 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3839,5 мың бірлікті құрады.
Сонымен қатар, 2018 жылдың үш айында 4314 адам зардап шеккен 3047 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бл былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 2,4 пайызға төмендеген.
2018 жылдың 1 сәуіріндегі деректер бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша 5,9 млрд теңге сомасына 16895 сақтандыру төлем жүзеге асырылған.