Бірнеше қазақстандық компанияның акция бағалары құлдырады

Фото: АЭИ "Прайм"

Алматы. 15 қазан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында «Қазақтелеком» акциялары 5 қазаннан 12 қазанға дейін құлдырады.

Сауда қорытындысы бойынша эмитент қағаздары 6,1%-ға арзандап, 29 мың теңге деңгейінде жабылды.

Бұдан кейін KAZ Minerals (-3,79%), «ҚазТрансОйлс» (-2,95%) және ЦентрКредит Банк (-0,65%) акцияларының төмендеуі байқалды.

Қалған акциялар аптаны жақсы аяқтады. Халық банкінің баға белгіленімі 2,43%-ға дейін көтеріліп, 102,43 теңгеге жетті. Сондай-ақ KEGOC (+0,1%) және Kcell (+1,2%) қағаздарының бағасы шамалы қымбаттады.

Жалпы, KASE индексі сауда қорытындысы бойынша 1,2%-ға төмендеп, 2203,55 пункт құрады.