Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бірнеше қазақстандық компанияның акция бағалары құлдырады

Бірнеше қазақстандық компанияның акция бағалары құлдырады
Алматы. 15 қазан. 7kun.kz - Қазақстан қор биржасында "Қазақтелеком" акциялары 5 қазаннан 12 қазанға дейін құлдырады. Сауда қорытындысы бойынша эмитент қағаздары 6,1%-ға арзандап, 29 мың теңге деңгейінде жабылды. Бұдан кейін KAZ Minerals (-3,79%), «ҚазТрансОйлс» (-2,95%) және ЦентрКредит Банк (-0,65%) акцияларының төмендеуі байқалды. Қалған акциялар аптаны жақсы аяқтады. Халық банкінің баға белгіленімі 2,43%-ға дейін көтеріліп, 102,43 теңгеге жетті. Сондай-ақ KEGOC (+0,1%) және Kcell (+1,2%) қағаздарының бағасы шамалы қымбаттады. Жалпы, KASE индексі сауда қорытындысы бойынша 1,2%-ға төмендеп, 2203,55 пункт құрады.

Похожие материалы