Биткоин үш айда құнының 25%-дан астамын жоғалтты

Әлем. 2 маусым. 7kun.kz – Binance биржасының мәліметінше, соңғы тәуліктерде биткоин өз құнының 5%-дан астамын жоғалтты. Қазір әлемдегі ең қымбат криптовалюта құны 30 000 доллардан төмен, деп хабарлайды 7kun.kz.

2022 жылдың наурызында биткоин бағасы 68 000 доллардан 40 000 долларға дейін төмендеп рекордтық көрсеткіш болған. Бірақ криптовалютаның жоғары құбылмалылығына үйренген инвесторлар биткоинға ақша салуды жалғастыра берді.

Наурызда валюта сәл нығайғанмен, сәуірде қайта құлдырады. Осы жылғы көктемде биткоин өз құнының 25%-дан астамын жоғалтты.