BlackBerry Android базасындағы смартфон шығарады

Канадалық BlackBerry Ltd. смартфондар өндірушісі Android операциялық жүйесі негізінде жаңа смартфон шығармақ. Бұл жөнінде MarketWatch хабарлайды.

Осы жылдың соңына қарай шығатын жаңа смартфон Priv деген атауға ие болды. Смартфонның панелі сенсорлы болады. Сондай-ақ, жылжымалы батырмасы бар пернетақтасы бар дейді бас атқарушы директор Джон Чен.

BlackBerry жаңа құрылғының бағасы шамамен қандай болатынын әлі атамады. Соңғы уақытта шығарылған смартфондар төмен нәтижелер көрсетіп отыр.

Осы жылдың екінші тоқсанында компания көрсеткіші 800 мың смартфон болды. Өткен жылы аталған көрсеткіш 1,1 млн құрылғы болған еді.

Android жүйесінде смартфон шығару арқылы BlackBerry сатылымды өсіру жоспарда бар. Десе де сарапшылар бұл сегментте бәсекелестіктің көптігін ескертуде.

Сондай-ақ, компания BB10 операциялық жүйесіндегі смартфондар шығаруды да көздеп отыр.