Блаттер ФИФА президенті болып қайта сайланды

452
Блаттер ФИФА президенті болып қайта сайланды

Жемқорлыққа байланысты шуға қарамастан Йозеф Блаттер бесінші рет ФИФА президенті болып сайланды.

Мұндай шешім ФИФА-ның 65-ші конгресінде қабылданды.

Оның қарсыласы Иорданиялық ханзада Али бин аль-Хуссейн екінші турда өз кандидатурасын алып тастады.

Бұған дейін ФИФА шенеуніктеріне қатысты жемқорлық дауының тууына байланысты Блаттер президент болып сайланбауы мүмкін деген жорамал көбейген еді.

2 күн бұрын басталған дау енді қызып келеді. Әлемдік БАҚ Блаттердің президент болып сайлануы аталған дауға ілікпейтіндігіне кепілдік болмайды деп жазуда.