Bloomberg: Инстаграмның бағасы алты жылда 100 есеге артты

105
Instagram, iOS
Фото: Lifewire

Алматы. 27 маусым. 7kun.kz — Facebook-ке қарағанда Instagram қарқынды дамып келеді. Әсіресе АҚШ-та оның қолданушылары көп. Bloomberg Intelligence сарапшыларының болжамынша, 2023 жылдың ортасы дейін бұл сервистің 2 млрд қолданушылары болады. 

2012 жылы 1 млрд долларға сатып алынған фотосервистің Facebook-ке қарағанда аудиториясы әлдеқайда жас. Bloomberg Intelligence-тің айтуынша, 2019 жылы Instagram 10 млрд доллар көлемінде пайда көре алады. 2019 жылы бұл фотосервиске Facebook пен оған тиесілі сервистердің түскен ақшасының 16%-ы тиесілі болады. eMarketer компаниясының зерттеуінше,  2017 жылы бұл көрсеткіш 10,6%-ды құрады. Осы жылдың маусымында іске қосылған IGTV видеосервисі әлі дамымағандықтан, Instagram-ның табыс көзі жаңалықтар лентасындағы жарнамалар болмақ.