
Алматы. 27 маусым. 7kun.kz - Facebook-ке қарағанда Instagram қарқынды дамып келеді. Әсіресе АҚШ-та оның қолданушылары көп. Bloomberg Intelligence сарапшыларының болжамынша, 2023 жылдың ортасы дейін бұл сервистің 2 млрд қолданушылары болады.
2012 жылы 1 млрд долларға сатып алынған фотосервистің Facebook-ке қарағанда аудиториясы әлдеқайда жас. Bloomberg Intelligence-тің айтуынша, 2019 жылы Instagram 10 млрд доллар көлемінде пайда көре алады. 2019 жылы бұл фотосервиске Facebook пен оған тиесілі сервистердің түскен ақшасының 16%-ы тиесілі болады. eMarketer компаниясының зерттеуінше, 2017 жылы бұл көрсеткіш 10,6%-ды құрады. Осы жылдың маусымында іске қосылған IGTV видеосервисі әлі дамымағандықтан, Instagram-ның табыс көзі жаңалықтар лентасындағы жарнамалар болмақ.Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025